1988 жылы өлім жазасына кесілген қанішер-педофил еркіндік сұрады, деп хабарлайды Neonomad.kz Вести.Ru сайтына сілтеме жасап.
Педофил Олег Рыльков қазір Ресейде орналасқан «Черный дельфин» колониясында жазасын өтеуде. 1988 жылы 37 баланы зорлап, төрт адамды өлтірген Рыльков өлім жазасына кесілген болатын. Бірақ мораторий енгізіліп, үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.
Рыльков енді еркіндікке шыққысы келіпті. Сызрань қалалық соті оның түрмеден босату туралы өтінішін 10 шілдеде қарауды бастады. Шешуші сот отырысы 26 шілде күні өтеді.
Темір торға тоығытылған қылмыскер денсаулығының нашарлағанын айтып ақталуды. Ол іс материалдарын адвокатпен талқылауға уақыт табу үшін отырысты кейінге қалдыруды сұрады.
Басылымның ақпаратынша, Олег Рыльков 6-13 аралықтарындағы отыз жеті кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Сонымен қатар, төрт адамды өлтірген, оның үшеуі кішкентай бала.