Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қалиев «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Қалиев Талғат Бегімұлы тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Талғат Қалиев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттану ғылымының кандидаты. Кезінде журналист, кейін ІІМ кеңесшісі қызметін атқарған. Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісінің кеңесшісі болған.
Сонымен қатар, ол жуырда ғана құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамының мүшесі.