Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Neonomad.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақытжан Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.
Оның орнына мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін Көшербаев Қызылорда облысын басқарып келді.