Павлодар облысында жауап алу мақсатында полиция бөлімшесіне шақыртылған ер адамның өлі денесі табылды. Болжам бойынша, ол суицид жасаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, оқиға 21 қарашада Ақкөл ауылында болған. Жылқы бағушы екі ер адамды жұмыс кезінде учаскелік полицей Екібастұзға алып кеткен.
Жақындарының сөзінше, олардың біреуі жолда үйіне соғып, киімін ауыстырыпты. Тәртіп сақшысы не үшін ұстағанын білмейтінін, өзіне полиция бөлімшесіне жеткізу тапсырылғанын айтқан.
Полиция бөлімшесінде жауап алу процессі түнгі 23:30 дейін жалғасқан. Кейін марқұм үйіне хабарласып, жауап алу келесі күні сағат 10:00 қайта жалғасатынан айтқан.
Ер адамның туыстарының сөзінше, жылқышының үйіне қайтатын ақшасы болған. Сөйтіп полицейлер оны қаладағы туыстарына жеткізіп салған.
Алайда ертеңіне сағат 11:00-де әйелінің қоңырауына полиция жауап беріп, ер адамның өз-өзіне қол салғанын айтқан.
Суық хабарға сенгісі жоқ марқұмның туыстары енді кәугерлерді іздестіруде. Олар бар шындықты біліп, кінәлілер жазаланғанын қалайды.
Полиция мұндай фактінің тіркелгенін растады. Олардың мәліметінше, ер адам туысының үйінің алдында табылған.