Балқашта педофил деп айыпталған күдікті тергеу кезінде өзін полиция қызметкерлері зорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, Балқашта жеті жасар қызды анасының танысы зорлағанын айтты.
Қалаға емделуге келген Жанаргүл өзімен бірге кішкентай қызын еріте келіпті. Сөйтіп жүріп ер адаммен танысқан. Соның үйіне барып, бірнеше күн қоныпты. Кейін қызын да танысының үйіне апарған. Бір күні кеште әйел дүкенге шығып кеткенде, кішкентай қызбен жалғыз қалған ер адам оны зорлаған көрінеді.
«Аға мені шақырып алып, төсекке жатқызып, шалбарымды шешіп, қолын жүгіртті», – депті әйелдің қызы.
Дүкеннен дер кезінде оралған әйел жағдайдың үстінен түсіпті. Сөйтіп қызын дереу киіндіріп, үйден кетпек болады.
Айғай-сүреңге көршілер жиналған.
Көршілерінің бірі Қызғалдақ Жұмаділова оқиғаны былай есіне алады: Әйел баласымен осында тұрды. Ер адам олардың қасында болды. Ер адам әйелді ұстап тұрды. Әйел менен көмек сұрады. Қызы жалады. Ол «Ауырып жатыр» деді. Анасы «Ол зорлады» деді.
Сол күні кеште күдікті ұсталған.
Белгілі болғандай, ер адам үйленбеген, жалдамалы баспанада жалғыз тұрады. Шокқа түскен қыз бірнеше күн ауруханада жатқан.
Қыздың анасы өзін кінәлап отыр.
«Неге жуындыруға бара қалып едім, неге бардым екен, не үшін қалып қойдым екен? Есім адасқандай. Өзіме қол салғым келеді, қатты қиналып кеттім», – дейді Жанаргүл.
Тергеуге алынған күдікті екі күннен соң жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
Аяғы сынған ол мүгедектер арбасымен жүруге мәжбүр, ал дәретханаға катетер арқылы барады. Ер адам полиция қызметкерлерінің оны дубинкамен зорлағанын айтқан, дейді телеарна.
«Кісен кигізіп, батареяға байлап тастаған. Ол жақтан ессіз күйде шықты. Тоқ ішегі жарылған. Дәреті қанмен араласып, шіри бастаған. Оны бес полицей соққыға жыққан. Шын мәнінде қылмыс жасаған болса, тергеп, соттасын. Бірақ әлі дәлелденген де жоқ қой», – дейді күдіктінің сіңлісі Жұмажан Әлібаева.
Дегенмен сараптама қорытындысы бойынша, жеті жастағы қыз зорланбаған болып шықты. Бірақ жыныстық мүшелеріне зақым келген.
Енді күдіктінің туыстары полицейлерді жазалауды талап етіп отыр.
Олар ІІМ мен Бас прокуратураға шағым жазған. Облыс орталығында да тергеу басталған.
«Тергеу барысында айыпталушы полиция қызметкерлерінің дене жарақатын салғанын айтып, шағым жазды. Осы дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік қызметі қылмыстық істі тіркеп, оның аясында арызданушы айтқан деректер тексеріледі», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Жаңатай Сембеков.
Аманжол Әлібаев бірнеше күрделі операциядан кейін тергеу изоляторына жеткізілді. Енді күдіктінің тағдырын сот шешеді. Зардап шеккен қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.