Қызылорда қаласында пробациялық бақылаудан өтіп жүрген азаматша сол мекеменің қызметкерінің телефонына бірлік саламын деп, басы бәлеге қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz құқық қорғау қызметкерлеріне сілтеме жасап.
Азаматша қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефонаны 4700 бірлік салған. Бұл туралы пробация қызметкері өзіндік қауіпсіздік қызметіне баяндаған. Өйткені азаматшаның іс-әрекеті заңға қайшы келеді. Сөйтіп қызметкер тиісті акті толтырған. Ал акт болса Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданады.
«Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы бергені үшінаталған азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттаматолтырылып, сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгіақша, бағалы қағаздар, мүлiкнемесе қызмет көрсетузаңсыз сыйақы болып табылатынын назарда ұстаған жөн. Ал, ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету 2 АЕК-тен асқан жағдайда ол пара болып табылады», – дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.