Ақтауда 15 жастағы екі жастың отау құрып, той жасаған видеосы желіде тараған еді. Енді полиция солардың жағдайын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған жас жұбайлардың кім екені анықталғанын облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Қазір арнайы бөлім мамандары желіде тараған видеоны тексеріп жатыр.
«Жасөспірімдердің аты-жөні анықталды. Алдағы уақытта бөлім мамандары тиісті ақпаратты Ақтау қалалық әкімдіктің кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне жібереді. Сол жерде жас жұбайларды есепке қою мәселесі қаралуы мүмкін», – дейді құқық қорғаушылар.
Ақтау қалалық әкімдігінің ақпаратынша, кәмелетке толмаған жас жұбайлар некелерін тіркемеген.
Еске сала кетсек, Ақтауда Рахмендулла және Әсем есімді жасөспірімдер отау құрды. Екеуі де 2004 жылы туғандар, яғни 15 жаста. Толығырақ оқыңыз.