Павлодар қаласында тәртіп сақшыларын боқтаған ер адам екі күнге қамалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар қалалық әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Л. масаң күйде Усолка көшесінде, жағалауда, полиция қызметкеріне былапыт сөйлеген.
Осы әрекеті арқылы ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасады деп оған айып тағылды.
«Сот қаулысымен қала тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қаулы заңды күшіне енді», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.