Қостанай қалалық полицейлері міндеттерін атқарып жүріп өзін өлтірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі сағат 4 кезінде полицей Леонид Бот Узкоколейная көшесімен келе жатып бір әйелдің рельс үстінде жатқан екінші әйелді құтқармақ болғанын көреді. Пойыз жолында жатқан әйел адам өмір сүргісі келмейтінін айтып айқайлаған.
Ол кезде жақындап келе жатқан пойыздың даусы естіліп тұрған еді. Барлық жағдайды бірден бағалаған полицей көліктен секірді. Әйелдің қолынан ұстап, оны көтеріп, рельстерден сүйреп шығарды. Майор Бот облыс орталығының тұрғынын қауіпсіз қашықтыққа сүйреп апарды. Әйелдің досы полицияға көмек үшін алғысын білдірді.
«Бұл менің тәжірибемде бірінші рет болды. Ең бастысы, менің ойымша, не істеу керектігін дереу арада шешу. Әрине, біздің қызметімізде ерекше назар аударатын физикалық дайындық көмектесті », – дейді Леонид Бот.