Пәкістанда пойыз өртеніп, салдарынан кем дегенде 62 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Geo TV телеарнасының мәліметінше, 30-ға жуық адам жарақат алған.
Компания өкілінің айтуынша, өрт – тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.