Томск қаласында 4-қабаттың терезесінен құлаған 6 жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Mash Telegram каналының мәліметінше, терезеден құлап түскен қыз тірі қалған. Видеода көрсетілгендей, қар үйіндісінің үстіне құлап, түк болмағандай үстін қағып жүріп кете береді. Дәл қазір қыз бала ауруханада. Полиция құлау себебін анықтап жатыр.
Артынша қыз баланың сол түні болған оқиғадан кейін жансақтау бөліміне түскені белгілі болды. Балаға «ми жарақаты мен іштің көгеруі»диагнозы қойылды. Қазір бүлдіршін кәдімгі палатаға ауыстырылған.
Облыстық Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өз кезегінде қыздың анасына қатысты ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.