Ордабасы ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды Neonomad.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, сотталушы Оспанов жануарлардың изоотикалық ауруларының профилактикасы бойынша жасалған актілерге қол қойғаны үшін 200 мың теңге пара алған.
Оған қатысты қылмыстық іс 9 шілде күні қаралған болатын. Соттың үкімі бойынша, Оспанов 6 млн теңге айыппұл төлеу жазасына кесілді.
Сот айыппұлды төлеу мерзімін үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде деп белгіледі. Болмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.
Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.