Қостанай облысында пара ретінде қысқы дөңгелек алған шенеуікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Пара ретінде 180 мың теңге қысқы дөңгелек алды деген күдікке ілінген шенеунік Қостанай облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары болып қызмет етеді.
Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен «Range Rover» автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.