Мамыр айында Ұлттық экономика министрлігіне қарасты департаменттің 31 жастағы директоры «пара алды» деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ сот алқасы істі қарап, қайта тергеуге жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтандағы сот алқасы Сотталушы Асланбек Жақыповтың үстінен қозғалған істі өарап, қайта тергеуге жіберді.
«Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының 2019 жылы 29 мамырда Асланбек Қуандықұлы Жақыповқа қатысты шығарылған қаулының күші жойылсын. Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 323-бабының 1-бөлігінің 8-тармағына сәйкес ҚР Бас прокуратурасына қайтырлсын. Жақыповқа тағайындалған қамауға алу шарасы өз еркімен ешқайда кетпеу туралы міндеттемесіне алмастырылып, ол дереу босатылсын. Соттың бұл қаулысы оның толық мәтіні жария етілген күннен бастап, яғни 2019 жылдың 18 шілдесі сағат 12.00 уақытында өз күшіне енеді. Шешімге апелляциялық шағым түсіруге немесе наразылық білдіруге болмайды», – деді судья Шынар Ерғалиева.
Еске сала кетсек, сотталушы Асланбек Жақыпов бұған дейін Ұлттық экономика министрлігіне қарасты департамент директоры болған. Бірақ 31 жастағы шендіге «500 мың теңге пара алды» деп айып таңылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағы, 2-бөлімі, яғни «Алаяқтық» бабы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.