31 жастағы әйел жаңа туған баласын өлтіріп, қоқысқа лақтырып тастаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Оралда 6 қазанда орын алды. Полиция қызметкерлері Құрманғазы көшесінің бойындағы үйлердің ауласындағы қоқыстан нәрестенің өлі денесін тапты.
«Ауладағы қоқыс жәшігінің жанынан пакетке оралып, қара түсті спорттық сөмкеге салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 1988 дүниеге келген Орал қаласының тұрғыны ұсталды», – делінген хабарламада.
Көкек ананы іздестіру барысында төрт әйелдің күдікке ілінгені белгілі. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, екі пакет, екі кілт, домофон кілті, бір аяқкиім ізі алынды.
«Әйел «баласын тұншықтырып өлтірді ме, әлде сәби өлі туды ма?» әлі белгісіз. Бұл тергеу барысында анықталады. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабы («жаңа туған баланы анасының өлтiруi») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.