Жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, өзін тастамақ болған әйел бейнеленген видео желіде тарады. Ол пәтер талап еткен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео Astana.times парақшасында жарияланды.
Бейнені түсірген автордың сөзінше, оқиға 18 қыркүйекте болған. Әйел минитрліктер үйінің қасындағы көпірден секірмек болған.
«Кеше кешке министрліктер үйінің жанынан өтіп бара жаттық, әйел адам жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткісі келіп тұр», – деп жазылды ролик астында.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД-де әйел адамның полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.
«Кеше ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Профилактикалық әңгімеден кейін үйіне қайтарылды», – деп хабарлады ПД.
Алайда әйелдің не себепті осындай қадамға барғанын полиция нақтыламады.
Айта кетейік, дәл осындай видео almatypress тобында да пайда болды. Жазба авторының мәліметінше, әйел адам өзіне елордада кезектен тыс үш бөлмелі пәтер беруін талап еткен.