Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың Парижде 31 млн тұратын пәтері, 2,4 млн тұратын вилласы және 28 млн евро тұратын вилласы бар. Олар тәркіленді, деп хабарлайды Neonomad.kz RFI.fr сайтына сілтеме жасап.
9 шілдеде Гүлнар Кәрімованың Франциядағы мүліктеріне қатысты сот үкімі белгілі болды. Заңсыз жолмен алынған оның мүліктері сатылып, одан түскен қаражат Өзбекстанның бюджетіне аударылады.
Нақтырақ айтар болса, 47 жастағы Кәрімованың Парижде пәтері (31 млн евро), Сен-Тропада вилласы (2,4 млн евро) және Париждың маңында сайрайы (28 млн евро) болған.
Әкесі тірісінде Өзбекстанның саясатына араласып, қорларды басқарып, БҰҰ жанындаңы Өзбекстан елшісі болды. Тіпті әкесінен соң президент тағына отырады деген болжамдар болды. Одан бөлек, өзінің киім брендін шығарды. Бірақ қазір Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Ташкентте түрмеде отыр.


«Бірақ 2013 жылы қызы әкесіне жақпай қалды. Содан ол көп уақытқа жоғалып кетті. Кейін белгілі болғандай, Өзбекстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалғалды. Сыбайлас жемқорлық бойынша сот алдында жауап берді. Басында 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Кейін ол шетелдегі шоттағы ақшасын ел қазынасына қайтарған жағдайда деп 5 жыл шартты түрде жазаға алмастырылды», – деп жазады интернет басылымы.
Швейцарияда болса Гүлнәр Кәрімова мен оның айналасындағы бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Нәтижесінде Швейцария соты «заңсыз жолмен табылған» деп Кәрімованың 800 млн швейцар франкін бұғаттайды.
9 шілде күні шығарылған сот үкімі де осы Швейцариядағы тергеу кезінде Францияда тәркіленген Кәрімованың мүліктеріне қатысты. Белгілі болғандай, Швейцария құқық қорғаушылары Францияға Кәрімованың заңсыз ақшасына қатысты сұрау жолдаған. Салдарынан 2014 жылы Француз прокуратурасы «қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңсыз жылыстату» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғайды.
Ал 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Париж сотының қаржы бөлімі Кәрімованың Париждегі үш жылжымайтын мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарады. Олар туралы біз жоғарыда айтып өттік. Сот үкімі бойынша, сатылған мүліктердің қаражаты Өзбекстанның бюдждетіне аударылатын болады.