Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев гаджеттерге ұлттық қауіпсздік сертификатын орнатудағы басты мақсат – балалардың қауіпсізідгі екенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік сертификатын телефонға қондыру – ол балаларымыз бен жақындарымызды экстремистік террористік сипаттағы тыйым салынған ақпараттардан қорғау деген ой білдірді министр.
«Мен сізге сұрақ қояйыншы. Қалай ойлайсыз, балаларға интернеттен экстремисттік, террористік сипаттағы материалдар мен порнографияны қараған пайдалы ма? Қауіпсіздік сертификаты осы мәлелелерді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Оның сөзінше, сертификат телефондағы жеке мағлұматтарды хакерлерден қорғайды. Бірақ сертификатты қондырмауға да болады, яғни еркіңіз бар.
«Мұның ерікті түрде жасалатынын жақсы білесіз. Балаларың мен жақындарыңның қажетсіз ақпаратты көрегенін қаладың ба, орнатасың. Ал қаламасаң, енді…», – деді ол.
«Сертификатты жүктеп алуға ұсынылатын сайттың жеке тұлғаға тіркелгені» жөнінде сұраған журналистерге министр бұл жағдайға қатысты оның ешқандай мәліметі жоқ екенін айтып, сайттың иесіне өтініш жасауды ұсынды.
«Өтініш, сіз жүгініңізші…Ол жерде мемлекеттік-техникалық қызмет бар емес пе, соларға жүгініңіз, олар сізге түсініктеме береді», – деді Жұмағалиев.
Оның айтуынша, ол өзінің ұялы операторынан тиісті СМС алмаған. Бірақ хабар келгенде, бәрін бірден орнататынына сендірді.