Қостанай қаласының тұрғындары қоқыс тастайтын шәшіктің ішінен сәбидің өлі денесін тауып алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға қаланың жаңа ауданы – Аэропорт шағын ауданында орын алды. Тұрғындардың хабарламасынан соң оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жетіп, сәбидің көз жұмғанын анықтады.
Полиция департаментінің хабарлауынша, құзырлы орган оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Полицейлер қайтыс болған нәрестенің анасына іздестіріп жатыр. Ол үшін аудан тұрғындарынан жауап алынып, бейнебақылаулардағы жазбалар тексерілуде.
Сәби өлімінің уақыты мен себебін анықтау үшін арнайы эспертиза жасайтын мамандар жұмылдырылды.