Қостанайда сабақ үстінде оқушы қызды сабап тастаған мұғалім сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
Қостанай мектептерінің бірінде мұғалім кәмелет жасына толмаған қызды қасақана ұрған. Осы фактіге байланысты қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында іс қаралды.
«Мұғалім өз кінәсін мойындамаған, алайда сот отырысы барысында кәмелетке толмаған оқиғаның куәгерлері оқушы қыздың жағына шығып, сөзін сөйледі», – деді сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Қостанай қалалық әкімшілік мамандандырылған сотының үкімімен мұғалім ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі («Ұрып-соғу») бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 10 АЕК (25250 теңге) айыппұл салынды.