Қостанай облысын басқарып отырған Архимед Мұхамбетов ай сайын алатын жалақысы 800 мыңға жуық екенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналистердің сұрағына жауап берген облыс әкімі ай сайын 762 мың теңге алатынын мәлімдеді.
Әкім қаражатын барлық адамдар сияқты азық-түлікке, жарық пен судың төлеміне жұмсайды.
«Үй үшін, коммуналдық қызмет үшін 40 мың теңге төлеймін», – дейді өңір басшысы.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов тапқан табысын жинауға тырысатынын айта кетті. Қаражат болашақта балаларына, олардың оқуларына қажет болмақ.
Сонымен қатар шенеунік өзінің ешқандай резиденциясы жоқ екенін де атап өтті.
Ол жылына 50 миллион теңге жұмсалатын кешеннің ішіндегі бір ғана үйде тұрады. Дәл сол баспананың коммуналдық қызметтерін де төлейді.