Қостанай облысында үш бала мұздың астына түсіп кетті. Оның екеуін аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 10 қарашада Жетіқара қаласында болды. Бес және алты жасар екі бала мұздың астына түсіп кетіп, көз жұмды.
Жасанды су қоймасында ойнап жүрген үш бала тереңдігі екі метр суға түсіп кетті.
«Полиция қызметкерлері балаларды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ауруханада дәрігерлер 2013 және 2014 жылы туған екі баланың көз жұмғанын айтты «, – деп хабарлады ведомство.
Сегіз жастағы үшінші бала қазір ауруханада жатыр.
Сондай-ақ, балаларды құтқармақ болған куәгер – 65 жастағы ер адам да ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орта дәрежеде екенін айтты.