«Тальго» жолаушысын зорлаған бұрынғы жолсеріктер 2 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қостанайлық сот өз үкімін түсіндірді, деп хабарлайды Neonomad.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Іс сотқа ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) бойынша берілді. Оқиға былтыр 26 қыркүйкте «Астана-Ақтөбе бағытымен жүретін «Тальго» жолаушылар пойызында» болған. Алдын ала сөз байласпай адамдар тобы жасаған зорлау дегеніміз – екі орындаушының алдын ала келіспей жасаған қылмысы. Мысалы, зорлауға екі адам қатысады: біреуі ұстап тұрады, осы уақытта екіншісі зорлық-зомбылық жасайды. Аталған іс бойынша мұндай дерек анықталған жоқ, сондықтан да сотталған екі ер адамның әрекеті 1-бөлік бойынша қарапайым зорлау ретінде қайта қаралды», – деп түсіндірді судья .
Оның сөзінше, үкім шығару кезінде жолсеріктердің бұрын соңды сотталмағаны, сонымен қатар тұрғылықты жерінен оң сипаттама алғаны және олардың біреуінің екі баласы бар екені ескеріліп, жаза жеңілдетілгенін тап өтті. Істі ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін айтты Оразбай Сатыбалды.
«Жазаға келетін болсақ, ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігінің санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Орташа ауыр қылмыс. ҚР ҚК 55-бабы, 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес жеңілдететін жағдайлар болғанда және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде сот осы баптың санкциясында көзделген ең жоғары мерзімнің жартысын тағайындайды, сондықтан сот 2 жыл 6 ай тағайындады. Сот шартты жаза немесе бас бостандығынан айырудан неғұрлым жеңіл жаза үшін негіздер таппады. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде өтейді», – деді судья Оразбай Сатыбалды.