Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Төтенше оқиғалар

Қордайдағы жанжалдан соң жоғалған жігіттің қаза тапқаны белгілі болды

Наурыз 5, 2020
Төтенше оқиғалар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға, Өмір
Қордайдағы жанжалдан соң жоғалған жігіттің қаза тапқаны белгілі болды

Сурет: Асылхан Мамашұлы

Поделиться на Facebook

Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында ұлтаралық жанжал болған күні үйінен шығып кетіп оралмаған Мұрат Масановтың көз жұмғаны белгілі болды. Туыстарының сөзінше, қақтығыстан бір-екі күн өткен соң Масанчи ауылындағы ғимараттың үйіндісі астынан табылған мәйіт Масановтың мүрдесі болып шыққан, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Мұрат Масановтың жиен ағасы Бақтияр Әбдішевтің Азаттыққа айтуынша, қазір әулет жаназаға дайындалып жатыр.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

– Осыған дейін әкесінен қан алынған. Экспертиза қорытындысы шықты, «бізге әкесі мен баланың қаны сәйкес келді» деді. Құжаттары бар, бірақ өзім әлі көрмедім. Әрине, сенгім келмейді, бірақ солай болып тұр. 5 наурызда жерлейміз, – дейді ол Азаттыққа.

Мұрат Масановтың жездесі Бауыржан Нұрғали де бұл ақпаратты растады.

– Жолға шығып бара жатқан жерімнен туыстарымнан сондай ақпаратты естідім. Енді кері қайтып бара жатырмын, – деді ол.

Бұл мәселеге қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті мен Қордай аудандық полиция басқармасынан ақпарат алу мүмкін болмады. Екі орган да ресми мәлімдеме таратқан жоқ.

Осыған дейін Мұраттың әпкесі Ақмарал Әбдірахман інісінің жанжал болған күні кешке Масанчидің жанындағы Қарасай ауылындағы туыстарына барам деп үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтып еді. Оның сөзінше, бауырының өртенген көлігі 8 ақпанда Масанчи ауылының маңынан табылған. Кейін Мұрат Масановтың туысқандары прокуратура мен полицияға арыз жазған.

7 ақпан кешке Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер жанжалдасып, ресми дерек бойынша, 10 адам қаза тауып, 180-нен аса адам зардап шеккен. Кейін жанжал болған Масанчи ауылында қираған ғимараттан тағы бір адамның мүрдесі табылды.

Қордайдағы жанжал кезінде Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан, негізінен этникалық дүнгендер тұратын Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында, ресми мәлімет бойынша, 20 сауда орны мен 39 үй бүлініп, 47 көлік өртенді. Үкімет қақтығыста қираған үйлер мен сауда орындарын қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеген.

Билік жанжал қарт ер адамның жаралануымен аяқталған жол үстіндегі кикілжіңнен шыққан деп мәлімдеді. Кикілжіңнен соң қазақтар (көбі – Қаракемер ауылының тұрғыны) жиналып, дүнгендер тұратын ауылдарға барған.

Қазақстан үкіметі жанжалға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қордайдағы жанжалдан соң Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бастаған бірнеше шенеунік және полиция департаментінің басшысы қызметтен кетті. Оның орнына сол кезде премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Кім айтты орыс деп?»: Жандос Айбасов әйелін сынағандарға жауап берді

Келесі жаңалық

Алматыда әйел мас жүргізуші кесірінен екі аяғынан айырылды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматыда әйел мас жүргізуші кесірінен екі аяғынан айырылды

Алматыда әйел мас жүргізуші кесірінен екі аяғынан айырылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
324
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.