Қытайда оқып жүріп сол жақтың тұрғынына тұрмысқа шыққан қазақ қызы жұбайының мұсылмандыққа бет бұрғанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Айжан Райымбекова жұбайы басқа ұлттан екеніне қарамастан, оған тұрмысқа шығып, қазір Қытайдың Бейжің қаласында бақытты өмір сүріп жатқанын айтты.
«Күйеуім екеуміз бес жыл дос ретінде араластық. Кейіннен достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Ол біздің ұлтымыздың мәдениетін жақсы көреді. Өйткені күйеуім қазақ ортасында өскен. Сөйтіп студенттер болып онымен біз жақсы араластық. Тұрмысқа шыққанан кейін Қытайда тұрдық. Ол жақта ер мен әйел барлық міндеттерді бірге атқарады. Екеуі де үй жинайды, тамақ әзірлейді. Бірақ Бейжің қаласындағы әйелдер ғана тамақ жасамайды, үй жинамайды. Олар тек жұмыс істейді», – дейді Айжан.
Бүгіндері кейіпкерлеріміздің екі баласы бар. Олар Қытайда тұрғанымен, Қазақстан азаматтары. Тіпті есімдері қазақи, Темірлан және Арсылан деген жігіттер. Бірақ білімді қытай және орыс тілінде алуда.
«Ең басында тілдік, мәдениет айырмашылығын сезіндім. Уақыт өте келе мен қытай тілін меңгеріп, таза сөйлей бастадым. Әрине кейбір мәселелер орын алып тұрды. Бірақ қиын кедергілерге тап болмадық. Негізінен өзара сыйластығымыз бен махаббатымыз бәрінен жоғары. Күйеуімді ағам және әжелерім қатты сыйлайды. Өйткені ол ақылды, жүрегі кең адам. Біздің мәдениетімізді жақсы біледі. Үш жылдан бері ораза ұстап келеді», – дейді өзге ұлтына тұрмысқа шыққан қарагөз.
Айжанның айтуынша, ата-енесімен қарым-қатынасы жақсы.
Тіпті енесінің аяғын жуып беруге де дайын екенін айтады.
Бағдарлама қонағының сөзінше, қазақ қыздары инабатты. Міне осы қасиетке қызыққан өзге ұлттың жігіттері қазақтан қыз алуға құмар. Сондықтан шетелге оқуға бара жатқан студент қыздарға тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығуларына кеңес береміз, деді сөз алған шығыстанушы.