Батыс Қазақстан облысында екі бала жоғалып кеткен болатын. Соның бірі Жайық өзенінен өлі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жанама ауылында 24 қазанда 2014 және 2017 жылы туған екі ұл балалар жоғалып кетті. Олар үйдің жанында ойнап жүрген.
Балалардың жоғалғаны белгілі бола салысымен шұғыл іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар тартылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, 2014 жылы туған баланың өлі денесі Жайық өзенінен табылды.
«Сағат 12:00-де Жайық өзенінің бойында жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 2014 жылы туылған баланың денесін тапты (үстінде киімі бар). Құтқарушылар екінші баланы іздестіріп жатыр», – делінген хабарламада.