Башқұртстанда ер адам әйелі мен балаларын өлтірген соң, өзіне қол салды. Қайғылы оқиғаға әйелінің опасыздық жасауы себеп болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
37 жастағы Уфа тұрғыны 6 жасар ұлы мен бір жасар қызын алып кетіп, оларды өлтірді. Соңында өзіне қол салды. Сот тергеушілері үйіне басып кіріп, тінту жұмыстарын жүргізді. РФ ҚК «Екі кәмелетке толмаған кісіні өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Араға бірнеше сағат салып Давлеканов ауданында автокөлік ішінен табылды. Сараптамадан кейін газдан уланғандарыбелгілі болды», — делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, әкесі балаларын өлтірген соң, өзіне қол салған. Кейбір БАҚ мәліметінше, ер адамның мұндай қылмысқа баруына әйелінің корпоративтік кештен кейін опасыздық жасағанын мойындауы себеп болған.