Белгілі актер Досхан Жолжақсынов Алматы әкімі мен Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі атанған Мейрамбек Беспаев пен Қыдырәлі Болмановты сынап тастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
Актердің айтуынша, бұл биліктің осалдығы.
«Олар не кеңес айтады? Нені өзгертеді? Бұл биліктің осалдығы. Не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты отырады. Олар неге отыр? Бұл олардың қолынан келмей ме? Әкімдікте де мәдениет департаменті бар, неге білімді азаматтар бармайды? Күлкің келетін дүние ғой, күлдік те қойдық”, – деді танымал актер.
Естеріңізге сала кетсек, Мейрамбек Беспаевтың Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі атанғаны туралы хабарлаған едік.
Коллаж: Tengrinews.kz