Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Олар мен үшін жиіркенішті»: Болашағын тек әйелмен көретін қазақ қызы біржынысты махаббатқа қалай тап болғанын айтты

Қазан 19, 2019
Қоғам, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Олар мен үшін жиіркенішті»: Болашағын тек әйелмен көретін қазақ қызы біржынысты махаббатқа қалай тап болғанын айтты
Поделиться на Facebook

«Тек қыздарға ғашықпын» деген 22 жастағы Мадина (толық аты-жөнін көрсетуді қаламады – ред.) – ШҚО-ның тумасы. Ана мен әкенің мейірімін сезінбей өскен ару қазір өзінің лесбиян екенін жасырмайды. Кім қалай қабылдаса да мені қызықтырмайды дейді. Мадина Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне сұхбат беріп, күнделікті кезігетін мәселелерімен бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

–    Мадина, сенің лесибиян екеніңді ата-анаң біле ме? Достарың қалай қабылдады?
–    Ата-анам әлі күнге дейін білмейді. Қашан айтатынымды да білмеймін, анам мені түсінеді деп ойлаймын. Ал әкем түсінбейді меніңше. Қанша дегенмен бұл менің өмірім ғой, өзім білемін. Өйткені әке-шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті, мені олар бақпады. Әкем «қызым» деп бір маңдайымнан да иіскемеген. Жалғыз бойжеттім, сол себептен олардың сөздеріне құлақ аспаймын. Бұл шешімімді қабылдамаса да, мен өзімдікін жасаймын.

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

–    Тек қыздарды ғана ұнататыныңды қалай сездің?

–    Жігітті ұнатайын десем, дым ұната алмаймын. Олар мен үшін жиіркенішті. Өмірімде еш уақытта әкенің мейірімін сезінбегенмін, сол үшін де еркектерді жек көретін шығармын. Әкем – әскери адам, ол бұрын көп ішетін. Мас болып келіп, анамды жиі ұратын. Содан болар, қыздарды ғана жақсы көретінім.

–    Қызға қалай ғашық болдың?

–    9-10-ыншы сыныптан бастап құрбыма қатты ғашық болдым. Бірақ өзіне айтпадым. Ол Астанада тұратын, мен – Алматыда, содан бір күні сол үшін Астанаға көшіп келдім. Оның жігіті бар еді. Бір күні құрбыммен үйде шарап іштік, ол масайып қалды. Бір кезде мені жақсы көретінін және мен үшін жігітін тастайтынын айтты. Ары қарай екеуміз де махаббатқа беріліп кеттік. Сол кезде қатты қуанған едім. Бірақ содан кейін бір-бірімізбен араласпай кеттік. Өйткені ол өзін лесбиянка санамайтынын айтты.

–    Одан кейін кездескен жоқсыңдар ма? Жігіті біліп қоймады ма?

–    Құрбыммен бір отырыста кездесіп қалдық. Сол кезде тағы да жақындастық. Содан кейін мен оған лесбиянка екенімді мойындадым, есі шығып кетті ма, білмедім, менімен сөйлеспей кетті. Қазір ол отбасылы,  жігітіне тұрмысқа шыққан. Осыдан кейін Вконтакте желісінде ЛГБТ тобын тауып, сөйтіп неше түрлі қыздармен таныстым. Топта 12 мыңнан аса адам бар.

–    Ол жерден сүйгеніңді жолықтыра алдың ба?

–    Өз адамымды әлі кездестірмедім, әрине, басқалармен кездесулер болды. Бірақ жаныма жақын қызды әлі таба алмай жүрмін.

–    Сен әлгі құрбыңды жігітінен қызғанбадың ба? Біржынысты қыздар бір-бірін қатты қызғанады деп естігенім бар…

–    Иә, лесби қыздар бір-бірін қатты қызғанады, жігіт пен қыздың қызғанышынан да асып кетеді. Мен бір қыздың артынан кәдімгідей жүгірдім. Оның кездесіп жүрген өз қызы бар еді негізі. Бірақ мені ол нәрсе тоқтатпады, өйткені ғашық болып қалған едім. Екеуі менің кесірімнен көп ұрысып қалатын. Бірақ кейіннен олармен дос болып кеттім.

–    Әп-әдемі қызсың. Сезімін білдірген жігіттер бар ма?

–    Маған сезімдерін білдіретін жігіттер көп, сұлусың, әдемісің деп жатады. Бірақ оларға бірден өзімнің тұрмысқа шығуға дайын емес екенімді айтамын. Егер бұған да қарамай жатса, онда өзімнің лесбиянка екенімді ашық жеткіземін. Содан кейін олар жоламайды.

–    Сен әлі жассың. Болашақта ана атануың керек болады. Белгілі бір жаста күйеуге шығуың мүмкін бе? 

–    Жоқ, мен біреуге әйел бола алмаймын, менің өзіме әйел керек. Әр адамның өз өмірі бар. Бірақ Қазақстанда біз сияқты адамдарға өмір сүру қолайсыз. Мысалы, Еуропада біржынысты жұптар әдемі өмір сүріп жатыр ғой. Екінші жартымды кездестіріп жатсам, біздің шетелге көшіп кетуіміз мүмкін. Бір қызығы, мен басқа ұлттардың қызына қарай алмаймын. Маған өзіміздің қазақ қыздары ұнайды. Өйткені қазақ қыздары сұлу ғой.

–    Біржынысты қыздар – олар кімдер?
–    Көбінесе мұндай жолға тағдыры менікіне ұқсас қыздар келіп жатады. Немесе еркектен көңілі қалған қыздар лесбиге айналады. Толыққанды отбасынан шықпағандар да бар.

Бөлісу11ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Енді екпе алмаған балаларды балабақшаға қабылдамайды

Келесі жаңалық

Алматылық дәрігерлер 6 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты

ҰқсасЖаңалықтар

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады
Қазақстан

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
17
Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады
Қазақстан

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
41
Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті
Басты жаңалықтар

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
142
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200
«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста
Басты жаңалықтар

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
7
Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
383
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматылық дәрігерлер 6 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты

Алматылық дәрігерлер 6 жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
383
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
296
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.7k
Кейуана 2 жасар немересін асқан айуандықпен өлтірді
Басты жаңалықтар

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Нан, кәмпит аласың ба”: Ақтөбелік ана шенеунікке атаулы көмектен түскен 500 теңгесін сыйлады

Ақпан 28, 2021
17

Коронавирус киімде үш күнге дейін сақталады

Ақпан 28, 2021
41

Алматыдағы наразылық топтан екі әйелді жедел-жәрдем алып кетті

Ақпан 28, 2021
142

Петропавлда анасы өлімші етіп сабаған үш жасар қыз өлді

Ақпан 28, 2021
200

«Қазақша жексенбі»: Аналар – әкімдікте, полиция – алаңда, шенеуніктер – демалыста

Ақпан 28, 2021
7

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
296
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.