Сеул қаласындағы әуежайда ұшу аймағының әжетхана терезесі арқылы Оңтүстік Кореяға өтпек болған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
25 жастағы қазақстандық, 26 жастағы өзбекстандық және 34 жастағы ресейлік Корей еліне заңсыз жұмысқа орналасу үшін бара жатқан. Олар бастапқыда аталған елге келуінің себебін түсіндіре алмаған. Осыдан кейін үшеуі де әуежайдағы депортациялау бөліміне жіберілген.
Бір-бірімен сол жерде танысқан қашқындар Оңтүстік Кореяда қалудың ерекше жолын ойластырады. Үшеуі бірдей әжетханада жасырынып, оның терезесі арқылы әуежайдың екінші басына өтпек болады. Осы кезде оларды әуежайдың қауіпсіздік қызметі ұстап алады.