Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратынша, экс-президент Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі 24.kg. сайтына сілтеме жасап.
Комитеттің ақпаратынша, экс-президент пен оның жақтастары тұрғындарға, әйел мен қарттаға ақша беріп, сол күні жанында ұстаған.
«Ол мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда, мен «Альфа» арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым», – деді МҰҚК төрағасы.
Опумбаевтың ақпаратынша, Атамбаевты ұстау үшін бес нұсқа дайындалған.
«Атамбаев штабына барлық ақпаратты бұрынғы министр Исраилов (ІІМ бұрынғы басшысы) және Сегізбаевтың (ҰҚК бұрынғы басшысы) қызметкерлері баяндап отырған. Олар бұл үшін ақша алған. Арнайы жасақ келе жатқаны туралы мәлімет Атамбаевқа жарты сағат бұрын жетіп отырған. Онда бірден әйелдер, балалар мен қарттар жиналды. Оған қан-төгіс, мемлекеттік төңкеріс қажет болды», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев.
Сонымен қатар, ол Атамбаевты неліктен 8 тамыз күні ұстамақ болғанын айтты.
«Балықшы полигонында оқу-жаттығу болды. «Альфа» арнайы қызметі сол жерге жіберілген, тек төрт адам ғана олардың қайтып оралғанын білді. Атамбаев қоян сияқты ініне тығылып, қорғаушыларын ғана қалдырды», – деді ол.
Опумбаев сұқбат барысында Атамбаевтың үйінен табылған қаруларға тоқталды. Еске сала кетсек, 8 тамызда экс-президенттің Қой-Таш ауылындағы үйі тексеріліп, Драгунов снайперлік винтовкасын, Симонов өздігінен зарядталатын карабинін, «Капрал» тапаншасын, GM-100 маркалы екі тапанша, «Сайга» карабині, ТОЗ қосауыз мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress қарулары табылған.
Сонымен қатар, ұстау операциясы кезінде мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағынан тартып алынған қарулар да тәркіленді.
Төрағаның сөзінше, экс-президент ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір офицерін қасақана өлтіргенін айтты. Оқ сарбаздың дәл жүрегіне тиіпті.
«8 тамызда Атамбаев эмоциясын ұстай алмай қалды. Ол алты рет атқанын өзі айтты. Осы айғақтардың негізінде және осы алты оқ атылғаны расталды. Ол шоколадтан басқасының бәрі көресінін көргенін айтты, арсыз көрініс болды. Ол лезде қайтыс болды. Ол неге жанында әйел, бала-шаға, қарттарды ұстаған? Әрқайснына 3 мың сомнан беріп отырған. Ол милиция келгенде қақтығыс болатынын білген. Бірінші дерек – тас шөптің арасында тығылып қалуы. Ол қан-төгіс болғанын қалады. Атамбаевтың ойы – мемлекеттік төңкеріс», – деді Опумбаев.