Құны бір миллиард теңгеге жуықтайтын VIP моланың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Informburo бағдарламасына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі ұлттық пантеон құрылысының бір бөлігі аяқталып қалды. Ол қаладан 20 шақырым жерде орналасқан. Бұл Қабанбай батыр кесенесінің жанына енді министр, депутат, әкім және елге еңбегі сіңген танымал тұлғалар жерленетін болады.
Қорымға келушілерге қолайлы болуы үшін 1 млрд теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашында бұл мақсатта 2 млрд 300 миллион қаражат жұмсалады деп жоспарланған. Кейін бұл қаржы 1 млрд 700 миллионға қысқарған.
Арнайы жабдықтарға электр тоғымен жылытуға арналған құрылғы кіреді. Халық тарапынан наразылық туындағаннан кейін бюджет 950 миллионға қысқарыпты. Дәл қазір әр зираттың жанына орындық пен жарықшам қойылып үлгерді. Алдын ала дайындап қойған 19 орын да бос тұр.