Үстіміздегі ақпан айынан бастап Nur Otan партиясының хатшысы қызметіне кіріскен Тамар Дүйсенова қызметінен кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz Бауыржан Байбектің Twitter.com желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің сөзінше, Дүйсенова бір жарым жыл ішінде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан.
«Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясы хатшысы қызметінен кетті. Бір жарым жыл ішінде ол партияның сайлауалды тұғырнамасы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына айтқарлықтай үлес қосты», – деді Бауыржан Байбек.
В связи с переходом на другую работу Тамара Дуйсенова покидает пост Секретаря партии «Nur Otan». За полтора года она внесла значительный вклад в реализацию предвыборной платформы партии и социальных инициатив, направленных на рост благосостояния граждан. pic.twitter.com/5ScVoz5vIf
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) July 9, 2019