Сенбі, Сәуір 10, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Нумеролог: Мүшел жаста адам күрделі дертке шалдығып, отадан аман-сау шықпай қалуы ықтимал

Желтоқсан 3, 2019
Өмір, Қазақстан, Қоғам
Нумеролог: Мүшел жаста адам күрделі дертке шалдығып, отадан аман-сау шықпай қалуы ықтимал
Поделиться на Facebook

Мүшел адам өміріндегі қауіп-қатерге толы өтпелі кезеңдердің бірі ретінде саналады. Бұл кезеңнен аман-есен шығу үшін әлі күнге дейін салт-дәстүрлерге сүйеніп, тыйымдарға құлақ асамыз. Мүшел жаспен бірге адам өмірінде жағымсыз сәттердің, қолайсыз жағдайлардың орнайтынына сенбей, мұны наным-сеніммен байланыстыратындар баршылық. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі отандық нумеролог Ардана Мамедовамен сұхбаттасып, сандар ғылымында мүшел жастың қандай рөл ойнайтынын анықтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі,

Қазақ халқы көне заманнан бері мүшел жасты қатерлі деп санап, бұл кезеңнен аман-есен шығу үшін белгілі бір талаптарды сақтауға кеңес берген. Мүшел жастағы адам — әлсіз, сондықтан ұзақ сапарға шықпағаны дұрыс, көз бен тіл тимесін десе, көзге түсетін сәнді киімдерді кимеуі қажет деумен барынша сақ болу керектігін санаға құйып отырған. Мүшелге толғанда жамандықтан аулақ болуы үшін жақсы көретін киімді немесе бір затты жақын досына немесе туысқанға беру керек деп ырымдауы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, қазақтардың арасында кеңінен қолданылып келеді. Нумеролог Ардана Мамедованың айтуы бойынша, сандар ғылымына сүйеніп,  халықтың мүшел жасқа үлкен көңіл бөлуін наным-сенімге емес, даналыққа балауға болады.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Нумерологияда өмірлік күш-қуатымызды айқындайтын энергия әлеуетінің графигі деген ұғым бар. Бұл график арқылы адамның энергиясы аз немесе көп екені анықталады. Бастысы адам мүшел жасқа толғанда графигі нөл санына түсіп қалмауы тиіс. Нөл саны —  адамның бір ауруды жеңіп шығуға энергиясы жоқ дегенді білдіреді. Мүшел жаста энергия көрсеткіші нөлді құраса, адам күрделі дертке шалдығып, отадан аман-есен шықпай қалуы ықтимал. Клиенттерімнің жеке тәжірибесінде денесі ғаріп болып қалған, өміріне қастаңдық жасалынған жағдайлар болған. Бұл кезеңде күрделі оталар жасауға болмайды, денсаулыққа белгілі бір қауіп төнуі мүмкін», — дейді нумеролог.

Маманның айтуы бойынша, энергия әлеуетінің графигінде адамда нөл саны екі рет шықса, ол дүниеден озып кетуі мүмкін. Графиктегі басқа сандар адам өміріне қауіп төндірмейді.

«Егер екі саны түссе, бұл адамда жұмысында жетістіктерге жету үшін, отбасына көңіл бөлу үшін кішкене күш-қуат жетпейді, ол үнемі шаршап жүргендей болады. Жеті, сегіз, тоғыз саны шықса, бұл — адам энергияға толы, жетістікке жетуге, шыңдарды бағындыруға дайын дегенді білдіреді, — дейді Ардана Мамедова.

Мамедованың сөзінше, энергиясы нөлге түсіп кеткен адам, сандар ғылымынан хабары болмаған соң, күш-қуатының жоғалуының себебін жұмыста жетістікке жете алмаудан, туысқандарымен қарым-қатынасының нашарлап кетуінен іздейді.

Қазақтарда ең алғашқы мүшел 13 жаста, кейіннен 12 жастан қосылып отыра береді. Екінші мүшел 25 жаста, үшінші мүшел 37 жаста, төртінші мүшел 49 жаста, бесінші мүшел 61 жаста, алтыншы мүшел 73 жаста, жетінші мүшел 85 жаста, сегізінші мүшел 97 жаста, тоғызыншы мүшел 109 жаста, оныншы мүшел 121 жаста.

Дана халқымыз тоғызыншы мүшелден шыққан қарияны «ақ ата», «киелі ата» деп, ал апаны «кейуана», «әулие апа» деп атаған.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы»: Депутат болған Нұрлан Әлімжан алатын жалақысы туралы

Келесі жаңалық

Шымкентте сүйіктісімен ажырасқан әйел өзін өртеп жіберді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
782
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
747
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
866
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
966
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
57
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
333
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Шымкентте сүйіктісімен ажырасқан әйел өзін өртеп жіберді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
794
Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды
Басты жаңалықтар

Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды

Наурыз 4, 2021
195
Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)
Басты жаңалықтар

Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)

Наурыз 4, 2021
93
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
966

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
782

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
747

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
866

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
966

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
128

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.