Танымал әнші Дастан Оразбеков бір қойды құрбандыққа шалып, етін 9 бала тәрбиелеп отырған нұр-сұлтандық отбасыға алып барды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Биыл құрбандық шалмап едім, соған байланысты көпбалалы отабсыға жәрдем ретінде бір қой сойып апаруға ниет еттім», – дейді әнші.
Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан ана 9 баласымен әншіні қуана қарсы алды. 6 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған ана суық үйде тұрып жатыр. Отағасы – КамАЗ жүргізушісі. Өзі бала тәрбиелеп отыр. Бір баласының шетінеп кеткенін айтты.
«Балаларыңыз ертең-ақ есейіп, сізге демеу болады. Қызықты солардан көресіздер. Аман болсын. Енді ғана танысып жатырмыз. Алда тағы көмегімізді аямаймыз», – дейді Дастан Оразбеков.
Осы уақытқа дейін әнші Зарина Омарова да 9 балалы отбасыға көмектесіп, қайырымдылық жасаған еді.