Нью-Йоркте қазақстандық Рустам Асаинов «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен тұтқындалып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Neonomad.kz Русская слыжба Би-би-сиге сілтеме жасап.
1998 жылдан 2013 жылға дейін Бруклинде тұрып, АҚШ азаматтығын алған 43 жастағы Асаиновтың терроризмге қатысы бар болуы мүмкін деген ақпар шықты. Бұл туралы Нью-Йорк полициясының тергеушісі және терроризмге қарсы бірлескен жұмыс тобының мүшесі Кевин Мартин мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Асаинов 2003 жылдың 18 шілдесінде банкротқа ұшыраған. Күдіктіге қатысты басқа ақпарат әзірге жоқ.
Ағымдағы жылдың 18-ші шілдесінде Асаинов Таяу Шығыстан Нью-Йоркқа жеткізілген. Кейін АҚШ-тың қолдауымен құрылыған «Сириялық демократиялық күштер» ұйымына түсіп, ФБР-ге табысталды. Келесі күні күдіктіге қатысты қылмыстық іс Бруклиндегі Нью-Йорктың шығыс аудандық федералды сототында алғашқы тіркеуге алынды.
Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда Асаинов 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.