Алматының Көк базарынада сатылып жатқан сүт өнімдерінде қауіпті бактерия табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова мәліметінше, сүттің құрамында қауіпті бактериялар бар.
Желіде сүтке әлдене араластырып отырған әйелдің видеосы тарағаннан кейін мамандар сүтті жасырын сатып алып, тексерген.
«Біз бұл сүтті сол қатардан сатып алдық және онда жалпы микроб мөлшерінен асып кеткенін анықтадық, соматикалық жасушалардың құрамы, стафилокк табылды. Яғни бұл өнім мүлдем ластанған. Біз өнімді тәркілеп, сатушыларға әкімшілік жаза қолдандық», – деді Айзат Молдағасимова.