Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы дені сау адамды ауру деп, тірі жүргендерді өлі деп жариялауға дейін баратын сайттарға шүйлікті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі журналисттің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Ләйлә Сұлтанқызы танымал адамдардың атын жамылып, фейк мақалаларды жариялайтын сайттарға, олардың ақпараттарына сенбеуді сұрады.
«Негізі мен «арғы өмірге» бір рет барып келгем. Бірақ, қап-қара туннель де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар. Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, реанимациядамын… Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді. Осы жаңа соңғы 10 минутта 25 адамнан, 4-5 чаттан мына ссылка келді. Жарайды, туыс-бауыр, жақындарыңның сұрап алады, ал сеніп жүргендер арамызда жоқ емес… Демек, басқа бір сайтқа не БАҚ-қа таралды деген сөз. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады ғой. Алам десе, бір-ақ сәт. Паразитың бар ма, жоқ па қарамайды. Мейлі, мұндайды «ұзақ өмір сүреді» деп болжаушы еді. Әумин»,- деп жазды Ләйла

Тележүргізуші сайттардың «маркетингтік жолмен» жұмыс істейтіндерге наразылығын білдіріп, оларға сенбеуін сұрады.
«Заңсыз сайттардың «маркетингтік жұмысына» жиі тап болатын едім. Олар тек мен туралы емес, басқа адамдар туралы жазады. Бұндай жаналықтарға сенуден бұрын, тексеріп, көз жеткізу керек»,- деп жазды Ләйла
Бір қызығы, тележүргізуші өзінің жазған постын біраз уақыттан соң өшіріп тастады.