Самарқанда махалла төрағасы арзан ұнның үстіне 15 000 сум (1,5 доллар) қосып сатқаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Мәлім болғандай, 18 сәуірде Самарқанд облысы, Ургут ауданы, «Юкори Кайрокли» махалласының төрағасы тұрмысы төмен отбасыларға деп бөлінген 48 қап ұнды 160 мың сумға (15,6 доллар) сатқан. Ал шын мәнінде оның бағасы 145 мың сум (14,2 доллар) болған.
Сот отырысы кезінде махалла төрағасы үстіне 15 мың сум қосып сатқанын мойындаған. Оның сөзінше, 60 қап ұнды 145 мың сумға сатып алған. Кейн үстінен пайда көргісі келген.
Шенеунікке 109 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынып, 15 тәулікке қамауға алынды.