Уттар-Прадеш штатында толассыз жауған жауын салдарынан 73 адам қаза тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап.
Аймақтағы жағдайға байланысты билік қауіптің ең жоғарғы деңгейін жариялады. Жалпы мұнда жауын-шашын тоқтамастан 4 тәулік бойына жауған.
Толассыз жауын мұндағы Бихар, Раджастхан, Уттаракханд штаттарын да шайып өткен. Ауа райына байланысты елде теміржол қатынасы тоқтатылды.