4 шілде күні Лондонда Сазарк ауданындағы Корольдік сотта Айсұлтан Назарбаевқа қатысты алдын ала сот тыңдалымы өткен болатын. Оған есірткілік заттың әсерімен полицейлерге қарсылық көрсетіп, олардың бірін ұрып, тістеп алды деген айып тағылды. Бірақ бұлайыпты Қазақстанның экс-президентінің немересі мойындамаған болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz Court News UK сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, судья Филип Бартл Назарбаевты кепілдікпен босатып, және тағы бір шарт қойған: «келесі жылдың 20 наурызында» болатын сот тыңдалымына дейін «дәрігерлік тексеруден өтіп, Priory Group ауруханаларының бірінде ем қабылдау» керек. Белгілі болғандай, Айсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін Лондонның оңтүстік-батысында орналасқан Уандсворт түрмесінде қамауда болған.
Басылымның ақпаратынша, Назарбаев 5 маусымда Росса Сэмбрука есімді полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп айыпталуда. Court News UK жазғандай, құқық қорғау органдары International Park Plaza Hotel қонақ үйіне қоңырау бойынша келген. Онда Назарбаевтың немересі «балконға мініп, секіремін» деп сес көрсеткен.
Агенттік прокурор Грегор МакКинлидің дәйегін келтіреді:
«Сотталушыны Тависток көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылды. Ол жерде қатты жанжал шығып, офицерлердің бірін тістеп алған».
Zakon.kz порталы Айсұлтан Назарбаевтың достарының біріне сілтеме жасап, оның 5 маусымда ешқандай шу шығармағанын айтқан. Оның таныс қызы аңдаусызда пәтерін сыртынан жауып қалып, артынша Айсұлтаннан пәтерге терезе арқылы кіріп, есігін ашып беруін сұраған. Мұны көршілері көріп, полиция шақырыпты. Ал полиция болса «түрі азиаттық» азаматқа дөрекілік танытқан екен.
Еске сала кетсек, Қазақстан Тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев өзіне қол жұмсамақ болғанын жаздық. Ақпарат расталды. Белгілі болғандай, ол Ковент-Гарден ауданындағы белгісіз біреудің үйінде өмірімен қоштаспақ болыпты. Оны құтқарғысы келген полиция қызметкерін тістеп алған. Іс қылмыстық сотқа жіберілген болатын.