Ингушетия тұрғыны әпкесін полиция түсірген видеода жүргені үшін өлтіріп тастады. Ер адамның айтуынша, намысқа бола осындай қадамға баруға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
7 ақпан күні 33 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылды. Ол көп пышақ жарақатын алған.
Қылмыстық топтың көшбасшысы Иса Альтемиров тұрмыстағы әйелдерді опасыздық жасауға мәжбүрлеп, кейін оларды осы сәтте түсірілген видеолармен бопсалаған.
Әлеуметтік желіде тараған видеоны көрген әйелдің бауыры оны отбасының абыройын төкті деп айыптап, артынша өлтіріп тастаған.