Сәрсенбі, Сәуір 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Найзабек Сағымбаев: Спортқа бейім мүмкіндігі шектеулі жандарға қашанда қолдау бар

Маусым 29, 2019
Спорт, Қазақстандағы спорт
Найзабек Сағымбаев: Спортқа бейім мүмкіндігі шектеулі жандарға қашанда қолдау бар
Поделиться на Facebook

Талай қазақ баласы спорттан әлем төрінде көк байрағымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатып келеді. Соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандардың да үлесі зор. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Алматы қаласының өзінде 40 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Ал, олардың бірқатары салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі спорт түрлерімен айналысады. Мәселен, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубында» мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жаттығады. Осы ретте, «Алматы» спорт клубының директоры Найзабек Сағымбаевпен жолығып, аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті. Найзабек Бекетұлы спорт клубының бүгінгі жай-күйі, жасалып жатқан жұмыстары жөнінде айтып, келешек жоспарларын бөлісті, Neonomad.kz хабарлайды.

– Найзабек Бекетұлы, Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Алматы» спорт клубы ашылғаны көпке белгілі. Алдымен өзіңіз басқарып отырған орталықтың тарихына тоқтала кетсеңіз…

Алматы қаласында карантин жеңілдетіледі

Алматы қаласында карантин күшейтілді

– Біздің «Алматы» спорт клубы 2007 жылы «Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында құрылған болатын. Клубтың ашылуына байланысты әртүрлі қоғамдық ұйымдарда жеке-жеке спорт түрлерімен айналысып жүрген мүгедек жандар біздің орталыққа топтастырылды. Осы кезден бастап спортпен кәсіби түрде айналысатын 3 бөлім жұмыс жасай бастады. Олар: тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті мен есту қабілеті нашар спортшылар бөлімі. Сонымен қоса 2008 жылы тағы бір бөлім қосылды. Ол – психикалық даму мүмкіндігі тежелген жандарға арналған «Спешиал Олимпикс» бөлімі.

– Қазіргі таңда спорт клубы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

– Осы 10 жылдан аса уақытта «Алматы» спорт клубының жеткен жетістіктері өте көп. Біздің спортшылар Республика көлемінде және әлем елдерінің ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының сурдлимпиадалық спартакиадасында жалпы командалық есепте I орынды иеленді. Ал 2017 жылы Түркияда өткен Сурдлимпиада ойындарында Асылжан Тәжиев (еркін күрес) пен Қайратхан Шоңқу (грек-рим күресі) қола жүлдегер атанды. Осы жетістіктері үшін 2018 жылдың 2 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес, Алматы қаласы әкімшілігі тарапынан Қайратхан Шоңқу мен Асылжан Тәжиевке бір бөлмелі пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ 2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша, бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сай «Алматы» спорт клубының 402 спортшысы 15 қалада жарыстарға қатысты. Олардың ішінде 129-ы Қазақстан чемпионатында, 10-ы Халықаралық жарыстарда бақ сынап, барлығы 132 медальға қол жеткізді.

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген құштарлығы қаншалықты жоғары?

– Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 40 мыңнан асады екен. Әрине, осы мүгедек жандардың барлығы бірдей кәсіби түрде спортқа қызығады деп айтуға болмас. Өйткені, оны жоғарыда көрсетілген нақты сандардан-ақ байқауға болады. Дегенмен, өзге өңірлерге қарағанда Алматы қаласы бойынша дене мүмкіндігі шектелген адамдар арасында спортпен кәсіби түрде шұғылданатын жандардың саны біршама басым. Статистикаға жүгінсек, спортқа қызығушылар саны жыл сайын біртіндеп өсіп келеді. Осыдан-ақ мүгедек жандардың спортқа деген құлшынысын білуге болады.

–   Мүмкіндігі шектеулі жандардың жарысқа дайындағын арттыру, бабын сақтау, шыңдау, шабыт берудің өзі үлкен тәжірибені талап етеді. Осы орайда, сіздің орталықта оларға қолдау білдіретін қанша кәсіби маман жұмыс атқарады?

– 2019 жылдың есебі бойынша, «Алматы» спорт клубында барлығы 48 оқытушы-бапкер жұмыс жасайды. Олардың барлығы да жоғары білімді спорт мамандары. Осы 48 жаттықтырушының ішінде 10 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 15 «жоғары дәрежелі», «жоғары санатты»  жаттықтырушы бар. Клубтағы жаттықтырушылардың 80 пайызы бұрынғы спортшылар. Атап айтқанда, 2 жаттықтырушы – еңбегі сіңген спортшы, 5 жаттықтырушы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  24 жаттықтырушы – ҚР спорт шебері, 4 спортшы – ҚР спорт шеберінен үміткер. Солардың ішінде 18 адам – мүгедек жаттықтырушылар. Олар бір-бірінің жай-күйін жақсы түсінеді. Кез-келген сәтте қолдау білдіре алады.

– Орталықта қанша адам спортпен шұғылданады, олардың жас ерекшеліктері қандай?

–  Қазіргі таңда клубта 720 адам спортпен шұғылданады. Олардың барлығы дерлік тегін қызмет түрлерін пайдаланады. Нақтырақ айтсақ, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар саны – 126, көру қабілеті нашар спортшылар саны – 132, есту қабілеті нашар спортшылар саны – 272, ал, «Спешал Олимпикс Қазақстан» спортшылары саны – 220. Соның ішінде 18 жасқа дейінгілер саны – 266. Біздің тізімде тұрған спортшылардың жас ерекшеліктеріне  көз жүгіртер болсақ, 11 жастан бастап 60 жастан асқан адамдарды көруге болады. Осы жалпы тізімде тұрған 720 спортшының ішінде 3 еңбегі сіңген спортшы, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 69 спорт шебері, 47 спорт шеберінен үміткер, 23 І дәрежедегі спортшы бар.

– Спортшылар спорттың қанша түрімен айналысады?

– Биылғы оқу жылынан бастап спорт клубында мүгедек жандар спорттың 18 түрімен айналыса алады. Атап айтсақ, бадминтон, жеңіл атлетика, шағын футбол, футбол, үстел теннисі, жүзу спорты, садақ ату (компаунд), пауэрлифтинг, армрестлинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, волейбол (отырып), голбол, таеквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес бойынша секциялар тұрақты түрде жұмыс істейді.

– Клуб спортшылары әртүрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Солардың ішінде кімдерді мақтанышпен айта аласыз?

– Басында айтып кеткенімдей, біздің көптеген спортшыларымыз Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында ірі халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, айтулы жетістіктерге қол жеткізіп жүр.

Солардың ішінде грек-рим және еркін күрес түрлері бойынша өнер көрсететіп жүрген Қайратхан Шоңқу, Асылжан Тәжиев, Ғабит Игенбай, Әбдірахман Оспанов және басқаларын айрықша атап өтер едік. Жеңіл атлетика бойынша Равиль Мансурбаев, Аманат Қалқаев, Ильдар Валетдинов, Мағжан Нұрлыбаев және Қуаныш Маркаметов сынды белді спортшыларымыз бар. Ал, жүзуден жетістіктерге жетіп жүрген спортшылар – Кирилл Ильюкеевичч, үстел ойындары бойынша Нина Жуковская, Аслима Абдраманова, Любовь Виноградова, Геннадий Никифиров, Зинаида Терехова. Пауэрлифтингтен Алина Солодухина, Жанет Жакиен, Әнуар Жақыпов және Медет Жүнісовты атап өтсек, садақ атудан Әбдіғани Айқынбаев, Сәрсенбек Меңгелбековті, таеквондадан Камиля Досмалованы ерекше айтуға болады. Сондай-ақ шағын футболдан командалық жарыста үздіктер қатарынан табылып жүрген спортшыларымыз да ел назарында.

– Елімізде паралимпиада жүлдесі үшін берілетін сыйақы әлемдегі ең жоғарғы сыйақылардың бірі саналады. Осы қаншалықты рас? Сыйақы иегері атанған отандық спортшылар жөнінде не айтасыз?

– Мүмкіндігі шектеулі жандарға қашанда қолдау бар. Мәселен, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен паралимпиалық ойындардан соң мүгедек спортшылардың сыйақылары дені сау спортшылармен теңестірілгендігі жайлы барлық ақпарат құралдары жарыса жазып жатты. Бұл енді шындық. Сол жарысқа қатысқан Қазақстанның бірнеше спортшысы өз орындарына сәйкес лайықты сыйақыларын алды. Ал 2017 жылдың 16-31 шілдесі аралығында Түркияда өткен Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдені қанжығаға байлаған біздің екі бірдей спортшымыз Асылжан Тәжиев мен Қайратқан Шоңқу да тиесілі сыйақыға (75 000 $) қол жеткізді. Сонымен қоса спортшыларды дайындағын жеке бапкерлер мен Қазақстанның аға бапкері де сыйақыдан құр қалған жоқ. Мемлекет тарапынан осындай қолдауға ие болған біздің мүгедек спортшыларымыздың спортқа деген құлшынысы екі есе арта түсті.

– Спортшыларды әлемдік жарыстарға қатыстыруда қандай да бір кедергілер бар ма? Қиындықтарға тап болған кездеріңіз болды ма?

– Алматы спорт басқармасына қарасты олимпиадалық резервтегі спорт мектептері мен спорт клубтарының алдында тұрған өзіндік міндеттер бар. Ол –бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және бекітілген қаржылай күнтізбелік жоспарына сай қалалық, республикалық жарыстарға және ҚР чемпионаттарына қатысу. Сол жарыстарда спортшыларды жеңіске жетелеп биік сатыдан көріну. Барлық спорт ұжымдарының тағы бір басты міндеті –ұлттық құрамаға мықты спортшыларды дайындап беру.

Ал Қазақстан ұлттық құрама командасы сапына енген спортшыларды әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарға апару, оған дайындық барысын жүргізу – ұлттық құрама командасын басқарып отырған спорт түрлері бойынша федерация басшыларының және бас жаттықтырушылардың міндеті. Оларды қаржыландыру «ҚР Спортты жетілдіру дирекциясы» басшыларының және облыс спорт басқармасы басшыларының құзырында. Жалпы айтар болсақ, жарыстарға қатысуда бізде ешқандай қиындықтар болған емес. Қайта қолдаушылар саны жыл сайын артып келді деп айта аламын.

–  Алда қандай жарыстар күтіп тұр? Жоспарларыңыз қандай?

–  Биыл 12-18 қыркүйек аралығында Ақтөбеде спорттың 7 түрінен ҚР-ның V-ші жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Сол айтулы жарысқа Алматы қаласы атынан сынға түсетін біздің клубтың 70-тен аса спортшысы дайындық үстінде. Жүлдегерлер қатарынан көрінуге толықтай мүмкіндігіміз бар.

Қараша айында Гонконг қаласында есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы ірі жарыстардың бірі Сурдазия ойындар өтеді. Әзірге сол жарысқа қатысу үшін республика көлемінде іріктеу жүріп жатыр.

Алдағы уақытта Алматы қаласында мүгедек жандарға арналған арнайы мамандандырылған спорт кешенін салу жоспарланған. Егер сол жоба іске асатын болса, көптеген салалы проблемалар шешімін табатын болады. Мүгедек спортшылар үшін арнайы салынған кешенді спорт нысандары әзірге Нұр-Сұлтан және Атырау қаласында ғана бар. Алдағы уақытта сондай спорттық нысандар басқа облыс орталықтарында және Алматы қаласында да бой көтереді деген сенімдемін.

–  Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан: Марфуға ҚАРАМАН

Тегтер: АлматыНайзабек Сағымбаев
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Медеу» мұз айдынының қоғамдық дәретханасында қыз зорланды

Келесі жаңалық

Теңізде қазақтар шетел азаматтарын сабап тастады – Атырау

ҰқсасЖаңалықтар

Қанат Ислам жеңісін өртте қаза тапқан 5 қызға арнады
Басты жаңалықтар

Қанат Ислам жеңісін өртте қаза тапқан 5 қызға арнады

Ақпан 21, 2021
188
Қазақ боксшы қарсыласын жеңіп, 3 белбеуді бір-ақ тақты
Бокс және ММА

Қазақ боксшы қарсыласын жеңіп, 3 белбеуді бір-ақ тақты

Қаңтар 30, 2021
221
Қуат Хамитов өз партиясын құрмақ
Бокс және ММА

Қуат Хамитов өз партиясын құрмақ

Қаңтар 28, 2021
350
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
163
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
853
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
246
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Теңізде қазақтар шетел азаматтарын сабап тастады – Атырау

Теңізде қазақтар шетел азаматтарын сабап тастады – Атырау

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
1.1k
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
1k

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
963

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
140

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
68
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.