Нұр-Сұлтан қаласында 9 қазан күні сағат 12:22-де Жансүгіров көшесі бойында психо-неврологиялық диспансердің аумағынан ҚР ҚК «Зорлау» 120-бабы бойынша ұсталған күдікті қашып кеткен болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу қамауындағы күдіктіні ұстауға полиция департаментінің жеке құрамы бағытталған. Полиция қызметкерлері оны ұстауға жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
«Қала тұрғындарынан бізге көмек беруін сұраймыз, қандай да бір ақпарат болған жағдайда Нұр-Сұлтан ЖК кезекші бөліміне 71-60-10 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз немесе 8(7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, ұялы телефондар: 87018808070, 87789508176», – деп атап өтті ведомствода.
Іздестірілушінің белгілері: бойы 175-180 см, шашы қара, қысқа, көзі қара.
Күдіктінің киген киімі: капюшоны бар қара күрте, үлкен әріптермен «Italiy» деген жазуы бар қара-көк түсті қалың шалбар, қара түсті спорттық бас киім, қара-көк түсті спорттық трико, қара туфли.