Астанада Үндістаннан келген құрылыс жұмысшылар төбелес шығарды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрылысшыларға арналған жатақханалардың бірінде шу шықты. Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің хабарынша, Үндістан азаматтарының қатарындағы жұмысшылар ішімдік ішіп, бір сәтте араларында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.
Ал төбелестің сегіз қатысушысы полиция басқармасына жеткізілді.
Шетелдік жұмысшыларға қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.