Елордада ер адам әйелінің үстіне бензин шашып, оны өртеп жіберді. Әйел ауруханаға жеткізіліп, аман қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
6 қазан күні сағат 11:40 кезінде полицияға аялдамада денесі күйіп қалған әйелдің отырғаны туралы ақпарат келіп түскен. Кейін ол ауруханаға жеткізілді.
«Полиция аталған дерек бойынша күдіктіні тұтқындады. Ол – әйелдің 43 жастағы күйеуі. Анықталғандай, ер адам отбасылық дау-дамай кезінде әйелін адам жоқ жерге алып барып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген», – дейді полиция департаментіндегілер.
Аталған жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті жауап беріп, кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.