Сенбі, Қаңтар 16, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика Ақша

Нұр-Сұлтанда елуден астам әйел жәрдемақыға наразылығын білдіріп, Ақордаға беттеді

Қаңтар 13, 2020
Ақша, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Өмір
Нұр-Сұлтанда елуден астам әйел жәрдемақыға наразылығын білдіріп, Ақордаға беттеді

Сурет: Әсемгүл Мұхитқызы

Поделиться на Facebook

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласында елуден астам әйел, биылдан бастап берілген әлеуметтік жәрдемақыға наразылығын білдіріп, Ақордаға беттеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Олар әуелі еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне барып, наразылық білдірді. Әйелдердің сөзінше, үкімет биылдан бастап көп балалы отбасыларға ғана жәрдемақы беріп, қалған отбасыларды ескермеген.

Наразылыққа шыққан әйелдер арасында жалғызбасты, тұрмысы нашар және мүгедек бала бағып отырған әйелдер де, биыл қаңтардан бастап әр балаға он мың теңгеден астам жәрдемақы ала бастаған көп балалы әйелдер де бар.

Жәрдемақы ала бастаған әйелдер «үкіметтің әр балаға он мың теңгеден беретін жәрдемақысы аз, бір айға шыққанда 300 теңгеден сәл ғана асады» деп санайды. Олар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көп балалы отбасыларға беретін жәрдемақыны белгілеу кезінде комиссия құрғанын, осы комиссияға кірген көп балалы әйелдердің әр балаға ең төменгі жалақы – 42 мың теңгеден беру туралы талаптары орындалмағанын айтады.

Наразы әйелдер «билік жәрдемақыны бала санына қарай емес, әр балаға беруі керек» деп есептейді. Олардың сөзінше «билік әлеуметтік жәрдемақыны тек көп балалы әйелдерге ғана беріп, әлеуметтік теңсіздік орнатып отыр».

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нәзира Мұқашева үш баласымен он бес жылдан бері пәтер жалдап тұратынын айтады.

«Мен секілді пәтер жалдайтын, тұрмысы нашар отбасылар көп. Олардың жазығы төрт, я бес балалы болмағаны ма? 1-3 баласын жалғыз өзі асырап отырған әйелдер бар. Олар неге ескерілмейді?» – дейді ол.

Наразы әйелдер алдына Нұр-Сұлтан әкімінің көмекшісі Елнұр Бейсенбаев шығып, ғимаратқа кіруге шақырды. Алайда, әйелдер ғимаратқа кіруден бас тартып, баспасөз өкілдерін де кіргізу туралы шарт қойды. Министрлік қызметкерлері баспасөзді кіргізбейтінін хабарлаған соң наразы әйелдер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты атап, айқайлады. Содан соң Ақордаға қарай беттеген әйелдерге полиция тосқауыл қойды.

Нұр-Сұлтан қаласының бір топ әйелі биыл 6 қаңтарда да жәрдемақыға наразылықтарын білдірген. 8 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жәрдемақының жаңаша төленуіне байланысты жауап берген.

«Біздің негізгі ұстанымымыз – біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын кететінін, бір-екі балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін, ең мұқтаж адамдарға беруіміз керек», – деді Бердібек Сапарбаев.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге берілетінін хабарлаған. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» беріле бастайтынын айтқан.

6 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 367 мың отбасына жәрдемақы тағайындалған және 17 миллиард теңге төленген.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әблязовтің сыбайласы сотталып жатыр

Келесі жаңалық

"Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек": Есқалиева болашақ келініне

ҰқсасЖаңалықтар

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты
Шоу-бизнес

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
1
Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды
Әлем

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
3
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
95
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)
Өмір

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
35
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Сайлау 2021

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек»: Есқалиева болашақ келініне

"Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек": Есқалиева болашақ келініне

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
477
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
1.9k
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
95

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
1

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
3

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
95

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
35

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.