Нұр-Сұлтанда қыстың қақаған күні мүгедек баланы автобустан түсіріп тастаған жүргізуші жұмыссыз қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы елордалық әкімдік баспасөз қызметінің өкілі Ақмарал Олжабаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С. Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды», – деп жазды баспасөз қызметінің өкілі.
Осы жағдайдан соң қоғамдыө көліктердің жұмысын бақылау қатаңдатылды.
Еске сала кетсек, 20 қарашада аязда 17 жастағы колледж студентін автобустан түсіріп тастаған. Бала Қосшы ауылынан елордалық колледждердің біріне барған.