Нұр-Сұлтан қаласында интерьері бай үй сатылымға шығарылды. Иелері жылжымайтын мүлікті 1,4 млрд теңгеге бағалады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Дизайны ерекше үйдің сатылатыны туралы ақпарат «инстаграм» желісіндегі krishakz_official парақшасында пайда болды.
Үй туралы ақпаратта оның сегіз бөлмеден тұратыны көрсетілген. Үйдің барлық дерік бөлмесі алтыс түспен безендірілген. Мұнымен қатар, үйде көпті күліге қарық қылған – алтын унитаз бар. Желідегілер мұның артықтау екенін жазып жатыр.
«Интерьері қорқынышты», «Талғамсыздық», «Бірден өртеу керек», «Ақша болғанмен, талғам жоқ», «Сығандарға тән стиль» деп жазды желідегілер.