Астанада бармен болып жұмыс істейтін 24 жастағы жігіт жоғалып кетті. Ол жұмысқа кеткеннен қайтып оралмаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бармен болып қызмет ететін Әнуар Байзуров 6 қыркүйекте жұмысқа кеткен, бірақ ол жаққа жетпеген. Ұлы Дала мен Мәңгілік көшелерінің қиылысында жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Елорданың барлық аудандарында жас жігіттің жоғалғаны жайлы парақшалар ілініп, қала маңындағы саяжайлар мен гараждар тексерілуде.
Жігіттің үстінде қара былғары күрте, қара джинсы болған.
Сонымен қатар аяғына қара түсті аяқ киім киген. Өзімен бірге құжаттарын алып шыққан.
Әнуардың бойының ұзындығы – 175 см. Оның көздері қоңыр, шаштары қара түсті. Егер Әнуар Байзуровқа қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне немесе 8 705 550 84 25, 8 771 905 76 27 телефондары хабарласуыңызды сұраймыз.